- Advertisement -

Есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды

18

- Advertisement -

Есірткі саудасы интернет және электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады.

«Есірткі сайттарының негізгі бөлігі «Кибернадзор» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде бұғатталады. Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды, оның ішінде Telegram мессенджерінде 1,5 мыңға қол жеткізу шектелген. Әрине, біз халыққа шектеу қоя алмаймыз. Төлемақыларды тоқтата алмаймыз. Сондықтан Қазақстанда ең танымал онлайн-платформалар мен төлем жүйелерінің меншік иелерінің өкілдіктері мен кеңселерін кеңейту құзыретті органдардан теңдестірілген шешім әзірлеуді талап етеді. Тек осылай ғана олардың қызметін біздің заңнамаға сүйене отырып реттей аламыз», — деді Б. Әмірханов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support