- Advertisement -

Тың бастамаларға толы телеарна

118

- Advertisement -

Аймақ айнасы – «JAMBYL» телеарнасы жаңа 33-ші маусымын бастады. Жаңа маусымның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысты. Сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері болды. Арна биыл жаңа 33 жобаны көзіқарақты көрерменге ұсынып отыр.

«Жаңа белеске бет алған қара шаңырақ халықтың сұранысына сай, талғамына орай, түрлі жобаны жүзеге асырады. Әр таң сайын «Рауан» сіздерді ұйқыларыңыздан оятып, тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Халық пен әкім, билік пен бұқара, түйткілдің төркіні, мәселенің шешімі – «ӘКІМ 08» хабарында айшықталады. Аймақтың тынысын, сан саланың қыруар жұмысын «8 аймақ» саралайды», дейді «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева.

Сондай-ақ телеарна «Aulieata-Media»жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп «Қаламгер клубы» бағдарламасын көрермен назарына ұсынбақ. Жаңа маусымда «Жүрек сөзі», «Бақыт кілті», «Ел азаматы», «Патриот» сынды өзге де көптеген тың, қызықты жобалар ұсынылмақ.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support