- Advertisement -

Заманауи цифрлық кеңсе ашылды

55

- Advertisement -

«Цифрлық Қазақстан» – сандық технологияларды пайдалану арқылы еліміздің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған маңызды кешенді іс-шаралар бағдарламасы.

Осы аптада облыста алғаш рет Сарыкемер ауылында заманауи үлгідегі «Халыққа қызмет көрсететін цифрлық кеңсе» ашылып, ел игілігіне ұсынылды. Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сүйеніш Төлеуханұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық «Қоғамдық келісім» орталығының төрағасы Қыдырәлі Оралов қатысып, құттықтауларын арнады.

Жаңа нысанның лентасы салтанатты түрде қиылған соң, шараға қатысушылар ғимаратты аралап көрді. Жеке кәсіпкер Ерік Тастанов ашылып отырған цифрлық кеңсенің байзақтық кәсіпкерлер үшін де маңызды оқиға екенін айтып, алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай қызмет алатындықтарына сенім білдірді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 110 мыңдай халқы бар Байзақ ауданының орталығында ашып отырған жаңа нысаны тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді. Негізгі мақсаты – күнделікті 180-нен 300-ге дейін келетін халыққа қызмет көрсететін цифрлық кеңсенің өзіне-өзі қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Оның үстіне әр тұтынушы үйде отырып-ақ қызмет алуға қол жеткізе алады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ облыс бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұлов.

Халыққа қызмет көрсететін заманауи цифрлық кеңседе орналасқан операциялық залдың дәстүрлі қызметтері көрсетілетін бірнеше аймақ бар: зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар мәселелеріне қатысты әлеуметтік қызметтер аймағы, жылдамдық аймағы, жайлылық аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, ана мен бала бөлмесі, қызметкерлердің демалыс бөлмесі, оқу бөлмесі және де құжаттарды беру аймағы. Жаңа жүйеде өз қызметін бастаған кеңсе алдағы уақытта аудан тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ.

 

Мұхтар МӘНЕКЕЕВ,

журналист.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support