- Advertisement -

Оқырмандармен ойлы кездесу

30

- Advertisement -

Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияда қала мектептерінің мұғалімдері жақында бір ғасырлық тойы өткен облыстық «Aq jol» газеті қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынды аталған мектеп-гимназияның директоры Рахия Есеева ашып, облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Aq jol» газетінен келген қонақтарды таныстырып өтті.

Жиында басылымның бас редакторы Хамит Есаман сөз алып, аталған газет тарихына тоқталып, газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігінен мәлімет берді. Бұл күнде аталған газетте бірнеше «Ақпарат саласының үздіктері», Құрметті журналистер, түрлі байқаулардың жеңімпаздары еңбек етіп жатқанын айтты. Мұнан соң газеттің бөлім меңгерушісі Есет Досалы баспасөз оқырман үшін қажет екенін айтып, журналистер мен оқырман рухани байланыста болуы қажеттігіне тоқталды. Газеттің «экономика» бөлімінің меңгерушісі, «Ақпарат саласының үздігі» Марат Құлибаев өзі де ұстаз болғанын, мектеп өмірін түсінетінін айта келіп, «Аq jol» көтерген мәселелерге тоқталды. Өзінің «Апамның аялы алақаны» атты кітабын аталған мектеп-гимназия ұжымына тарту етті.

Мұнан соң №47 орта мектебінің мұғалімі Назгүл Қамбарбекова газетке жазылу маңызды науқан екенін, сүйікті газеті «Аq jol»-дан қол үзбейтінін айтты. Бірқатар ұстаздар спорт, танымдық, балалар шығармашылығы жиі жарық көрсе деді. Бұл ретте бас редактор Хамит Есаман ұстаздар мен оқушылардың жақсы мақала, өлең, әңгімесіне газеттен орын дайын екенін жеткізді.

Жиынды Тараз қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева қорытындылап, облыс айнасы «Aq jol» газеті әр ұстаз үшін маңызды болуы керектігін айтып, газеттің 100 жылдығына орай тарту жасады. Іс-шара Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға арналған кабинетте өтті.

 

Гүлнәр ҚҰЛИБАЙ,

Шерхан Мұртаза атындағы

мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support