- Advertisement -

Салиқалы газеттер санатында ұстадым

69

- Advertisement -

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,

«Aq jol» газетінің 1995-2004 жылдардағы бас редакторы.

«Ақ жолға» редактор болған кезім, қазір жұрт айта беретіндей, жұлдызды жылдарым.

Тәжірибе де, қабілет те жеткілікті жағдайға жеткенде 1994 жылы маусымның 29-ында газет тізгінін ұстадым.

Арғынбай Бекбосын ағамыз «Ақ жолды» республикадағы ең таңдаулы газеттер қатарына қосқан. Мен «Ақ жолды» сол қалпында ұстап тұра аламын ба? Әуелгі ойлағаным осы болды. Сол ұжым, сол шығармашыл күш, тырысып көру керек.

Қайта құру, сөз бостандығы, пікірлер алуандығы дейтін шіркіндер баспасөз атаулыны бір қиырдан бір қиырға заулатқан. Тісің, қолың қышып бара жатса, сары запыран алқымыңа тығылса, тұлыпқа айналған компартияға тиіс, жер-жебіріне жет.

Елімізде орныға бастаған демократиялық үдеріс құры желігуді қойып, басалқалы, байыпты болуға бастағандай еді. Мұны дер кезінде түсінген бұқаралық ақпарат құралдары аяғын нық басып қатарда қалды, ал түсінбегендері тәуелсіз, бейресми деген сияқты атау жамылып, адасып кетті. Мен «Ақ жолды» салиқалы газеттер санатында ұстадым. Бірақ ешкімді бетінен қаққаным жоқ.

Ерекше өткір сын жазатын Рахметбек Өзбековтің де, өмірлік маңызды проблемаларды бірінен соң бірін қойша тоғытатын Тұрсынхан Толқынбаевтың да, кәсіпкерліктің қыр-сырын түк қоймай қырнап ашып көрсететін Ақылжан Мамыттың да бір де бір материалын өздеріне қайтарып көрген емеспін. Оларға тапсырма беріп жаздырғаным қаншама!

 

 2007 жыл.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support