- Advertisement -

Еліміздің алдынан ақ жол ашылса екен деп тіледік

61

- Advertisement -

Арғынбай БЕКБОСЫН,

«Aq jol» газетінің 1985-1994 жылдардағы бас редакторы.

Уақыт алға жылжыған сайын халықтық сипатқа ие бола бастаған газеттің «Еңбек туы» деген аты замана рухына онша сай келмейтіндей боп көріне берді. Әлбетте, бұл күллі өмірдің, жасампаздықтың қозғаушы күші – еңбектің мәнін жойғандығынан емес. Еңбексіз тіршілік болған емес, болмайды да. Тек «Еңбек туы» деген ескірген ұраншыл клише адам жанына әсер етпейтіндей құрғақ, тым жадағай секілденді. Редакция алқасында ақылдаса келіп, «Ақ жол» деген атқа тоқтадық. Мұндағы ойымыз – ендігі жерде еліміздің алдынан ақ жол ашылып, болашағы шын мәнінде жарқын болса екен дегендік еді. Көп ұзамай ұсынысымызды Орталық комитет мақұлдап, газетіміз 1990 жылғы сәуірдің басынан «Ақ жол» деген атпен шыға бастады. Осыдан хабардар болған Шәкең, Шерхан ағам: «Қап, «Ақ жол» деген атау «Социалистік Қазақстанға» лайық еді, Арғынбай алып қойыпты!» деп өкініпті деп естідім. Қайтеміз, реті солай болды… Ал «Социалистік Қазақстан» «Егемен Қазақстан» деген атты иемденді…

 

Автордың «Тағдыр етсе Алла…» атты кітабынан алынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support