- Advertisement -

ҚАЖ департаментінің бастығы ардагер спортшыға құрмет көрсетті

134

- Advertisement -

Өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев жамбылдық ардагер волейболшы Қанат Жұмашевтің 65 жылдық мерейтойына орай құрмет көрсетті. Нияз Қанатұлы өз сөзінде саңлақ спортшының Тараз топырағында волейболдың дамуына қосқан үлесі зор екеніне тоқталып, оның өнегелі өмірі жастарға үлгі екенін атап өтті.

— Қанат Көштайұлы жергілікті жерлерде волейболдың дамуына мол үлесін қосты. Ол көптеген жылдар бойы команданың негізгі құрамында сәтті өнер көрсетіп, спорттық карьерасында КСРО спорт шебері атағына үміткер дәрежесіне қол жеткізді. Бүгінде ардагер волейболшылар қозғалысының жетекшісі. Қанат Жұмашевтің өнегелі өмірі жас спортшыларға қашанда үлгі. Жалынды жастар Сіз жүріп даңғыл жолда өз қолтаңбаларын қалдырып, дүбірлі додаларда топ жарады деген сенім мол, — деді Нияз Рыспаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Динамо» спорт кешенінде облыстық «Ардагер Тараз» клубының 15 жылдығына және волейболдан ардагерлер лигасының жетекшісі Қанат Жұмашевтің 65 жылдық мерейтойына арналған 60 жастан асқан спортшылар арасында волейболдан турнир басталды. Жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан сондай-ақ Қырғыз елі мен Өзбекстаннан 80 адам қатысуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support