- Advertisement -

Қордайдағы тартысты турнир

73

- Advertisement -

Әлжан ана және Бетқайнар ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде волейболдан жастар және жасөспірімдер арасында турнир өтті. Аталған жарысқа Қордай, Әлжан ана, Жамбыл, Бетқайнар және өзге де ауылдардан жасақталған командалар қатысты.

«Мұндай аудан деңгейіндегі жарыстар жастардың шыңдалуына мүмкіндік береді. Осындай турнирлерден аудан құрамасы жасақталып, облыстық және республикалық жарыстарда намысымызды қорғайтын болады», дейді Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Қордай ауылының және Әлжан ана ауылының командалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлделі орындарға ие болған командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Енді жеңімпаз құрамалар алдағы облыстық және аймақтық жарыстарда аудан намысын қорғайтын болады.

 

Бекжол АПИЛЬЖАНОВ,

журналист.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support