- Advertisement -

Жастар жүлдегер атанды

105

- Advertisement -

Бауыржан Момышұлы ауылындағы №15 мектеп-лицейінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған шахматтан облыстық ашық турнир өтті. Ақыл мен алғырлық сынға түскен сайысқа Түркістан облысы, Шымкент қаласы мен Тараз қаласынан, сондай-ақ өңіріміздің Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Меркі, Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов аудандары мен Қырғыз Республикасынан 150-ге тарта жас шахматшы қатысты. Шахмат турнирінің ашылу салтанатында Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, Жамбыл облыстық шахмат федерациясының президенті Әлібек Өтеулиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен шахмат додасында 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Байзақ ауданының жас шахматшысы – Динара Әлімқұл үздік шығып, жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Этюд» шахмат клубының жас шахматшысы – Сенім Мұхамедалиева ие болса, жүлделі үшінші орын Шымкент қаласынан келген Злата Шимельковаға бұйырды.

13 жасқа дейінгі қыздардың арасынан «Этюд» шахмат клубының жас шахматшысы – Аяна Наурызбай бірінші орын иеленсе, Шымкент қаласынан келген Жасмин Ыдырысова екінші орын иеленді. Жүлделі үшінші орын Жуалы ауданының шахматшысы – Адия Мэлсқызына бұйырды.

7 жастағы балалардың арасынан жерлесіміз Пернеш Садуәлі жеңіс тұғырынан көрінсе, Шымкент қаласының өкілі Жәнібек Алихан екінші орын, «Гамбит» шахмат клубының жас шахматшысы – Серік Арсенге үшінші орын бұйырды.

13 жасқа дейін ұлдар арасында бірінші орынды Талас ауданынан келген Дастан Кемелов жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды шымкенттік Денис Шимельков иеленсе, үшінші орын байзақтық Намет Ерасылға бұйырды.

10 жасқа дейін ұлдар арасындағы жарыста бірінші орынды Шымкент қаласының жас шахматшысы – Ахмедияр Сүгірәлиев жеңіп алса, екінші орын «Гамбит» шахмат клубының шахматшысы Дауылбай Дінмұхамедке, үшінші орын шымкенттік Алириза Шарафиевке бұйырды.

 

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,

журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support