- Advertisement -

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды

84

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жомарт Дүйсенұлы Зұлпыхар облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жомарт Зұлпыхар 1990 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін 2011 жылы «құқық қорғау қызметі» мамандығы (бакалавр дәрежесі) бойынша, 2013 жылы «құқықтану» мамандығы (магистр дәрежесі) бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Заң жобалары басқармасының заңгері болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар саясатын іске асыру, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етіп келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support