- Advertisement -

Патриоттық тәрбие өзегі — отбасы

89

- Advertisement -

ҚАЖ саласында қызмет ету темірдей тәртіп пен адал жүректі болуға тәрбиелейтіні анық. Алайда, ол жердің табалдырығынан аттау, құқық қорғау органдарының қызметкері атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Себебі, мұнда қызмет ететін әрбір жан патриоттық рухта тәрбиеленуімен қатар, өжет мінезді әрі сабырлық пен төзімділікті бойына дарытқан адам болуы тиіс!

Жалпы, мұнда қызмет ететіндер бала күнінен елін қорғап, Отанына адал қызмет етуді армандағандар. Басым бөлігі әке жолын қуып, ішкі істер органдарында жұмыс істеу жүгін арқалады. Қорыта айтқанда, ҚАЖ жүйесіндегі шенді офицерлердің қай-қайсысы болмасын ұшқан ұясында-ақ батырлардың батылдығымен сусындап өсіп, мақтаныш оты көңілін марқайтқандар.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекеме бастығы орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры Равшан Ахметов пен мекеменің кадр тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Нұрдана Әбілқасым қызметкерлердің шаңырағына арнайы барып, олардың жақын-жуықтарымен танысты. Айта кетейік, мұндағы мақсат – қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететін жандардың отбасылық жағдайын көзбен көру, атадан балаға берілген батылдықтары үшін олардың ата-анасына басшы құрамның жылы лебізін жеткізу.

Жылы жүздесу барысында мекеме бастығы орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры Равшан Абдрахимұлы тәрбиелі, алғыр, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын қызметкерлер қашанда құрмет биігінде екенін атап өтті. «Жалынды жастық шағын құқық қорғау органдарында қызмет етуге арнаған әрбір жан ерекше ықыласқа бөленетіні сөзсіз. Себебі, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы бәрінен де маңызды. Тәртіпке бағынып, жұмысты тиянақты, сапалы әрі уақтылы орындайтын ұл-қыз тәрбиеленген ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз», — деді өз сөзінде Р.Ахметов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support