- Advertisement -

Басқарманың жауапкершілігі мол

43

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» No 97 бұйрығы негізінде дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің екі түрін жүзеге асырады.

Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғаларға «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».

Жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу».

Аталған басқарманың дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкіметтің» веб- порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылдың 8 айында дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша: «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызмет түрі бойынша 4 қызмет көрсетілді.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй- жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша 1 қызмет көрсетілді. Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 21, олар басқарманың ұйымдастыруымен онлайн және офлайн форматында өткізілген семинарлар мен кездесулер. Аталған іс-шаралар да 210 адам қамтылған.

Өңір тұрғындарын дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы хабарландыру мақсатында, басқарманың Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында, басқарма сайтында zhambul.gov.kz дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі жайлы ақпараттар орналастырылған.

Басқарма тарапынан ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар түспеді.

Сәкен МЫҢБАЕВ,

облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support