- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

76

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-О — 4 А блок 263131 302255

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың
көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау
немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау
туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың
қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру
соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 8 (7262) 43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl. gov.kz.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі); 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы NoҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе
нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі No272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда No11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі No272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда No11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының білдіремін.
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(7262)433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@ zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы No832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (No2-2-2), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А блок. Белгіленген жүргізу ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есепті қамтамасыз ету, келіп түскен ақшалай қаражатты, тауарлы-материалдық құндылықтарды және негізгі активтерді есепке алу, сондай-ақ оларға қол жеткізумен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету, келісімдерді тіркеу, төлем құжаттарын Қазынашылыққа дайындау. Жалақыны, міндетті зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді есептеу және аудару. Жеке табыс және әлеуметтік салықтарды, статистикалық есептерді құру және тиісті мекемелерге өткізу. Азаматтардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын қамтамасыз ету. «1С-Бухгалтерия» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын жүргізу. Мүгедектерге шипажайға берілетін жолдамалардың, сурдологиялық және тифло құралдары, кресло арбалар және протездік құралдар бойынша қаржыларын уактылы аударуын, олардың есебін және нақтылы пайдалануын қадағалайды, салыстырма актілерін жасауға -электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелерінің порталынан электрондық шот-фактураларды қалыптастырады, әлеуметтік қызметтер порталындағы осы шоттарға әр мүгедекке облыс бойынша жеткізушілер ұсынған өтініштер мен орындалған жұмыс актілерін шығарады және мониторинг жүргізеді. («Әлеуметтік қызметтер порталы») Басқармадағы тауар- материалдық құндылықтарды және негізгі активтерді уақтылы және дұрыс есепке алуын бақылауды ұйымдастыру, материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Құрылымдық мекемелерде дебиторлық және кредиторлық қарыз бойынша ақпаратты және есептелген жалақы бойынша айлық мәліметтерді жинау жұмыстарын үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Салық және Бюджет Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, No05-03-2.
Функционалдық міндеттері: А блок. Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; үкіметтік емес ұйымдарды қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге, әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды әзірлеу процесіне тарту, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын, қоғамдық тыңдаулар, азаматтық форумдар өткізу; әлеуметтік маңызды жобалар конкурсын ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу; саяси партиялар, қоғамдық- саяси қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да қоғамдық бірлестіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, олардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу; азаматтық қоғам институттарымен өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар мен жазбалар әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастырушылық- тәжірибелік, әдістемелік, ақпараттық қолдау көрсету, азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу және шығару; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе мәдениеттану немесе тарих немесе педагогика және психология. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Саяси партиялар туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

__________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

e-maіl: ___________________________________________________________

ЖСН: ___________________________________________________________

__________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 

 «Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО(түрлі түсті/ цветное,3х4)
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /приема босатылған /увольнения
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата _______________күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support