- Advertisement -

Түзеу мекемесіне шет тіліндегі 100-ге жуық кітап тарту етілді

47

- Advertisement -

Еліміздегі шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің демеушілігімен Жамбыл облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінің кітапхана қоры шет тіліндегі 100-ге жуық кітаппен толықты. Жалпы, бұл кітаптар жаза басып, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандарға арналған. Осылайша, сотталғандар азаматтардың шет тілін меңгеруіне мүмкіндік туып отыр. Айта кетейік, сыйға тартқан кітаптардың ішінде әлем әдебиетінің классиктері де, қазіргі әдебиет үлгілері де, ғылыми-танымдық, анықтамалық кітаптар да бар.

— Кітап – бас бостандығынан айырылған жандар арасында әу бастан ерекше сұранысқа ие құндылық. Мекемедегі кітапханада 2000-нан астам кітаптар бар. Жазасын өтеушілер кітапхана қызметін жиі пайдаланады. Тұрақты оқырмандарымыз да бар, — дейді мекеме бастығының орынбасары Бақтияр Оңбаев.

Әлихан Кали
ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support