- Advertisement -

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды

88

- Advertisement -

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен.

Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарып, ақшаны өзі иемденіп отырған. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.

 

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support