- Advertisement -

Көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуді талап етеді

65

- Advertisement -

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, ай сайын қала аумағындағы аумақтық округтерде көшпелі кездесулер ұйымдастырылуда. Осы орайда Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қ.Исмаилдың төрағалығымен №3 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жиын барысында округ инспекторы Ә.Қанаев аумақта атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер жайында баяндады.

Өткен жылы округ аумағында Ақбозов көшесі күрделі, Пушкин көшесі орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ №31 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, мектепке барар жол жөнделді. Бірнеше спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. Қапал каналының үстінен аспалы көпір салынып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалды. №2 орта мектеп жаңадан соғылып, пайдалануға берілді. Округтегі бірнеше үй жөндеуден өтті.

Алайда аумақтағы шешімін таппай отырған мәселелер де бар. Тұрғындар тарапынан Көшеней көшесі, 6-бұрылысындағы жолды күрделі жөндеуден өткізу, Телеорталық №3, 4 үй аумағына спорт алаңшасын салу және сол үйлердің аумағындағы күл-қоқыс алаңшасының орнын ауыстыру, Төле би даңғылы №4, 8 тұрғын үйлерін күрделі жөндеуден өткізу және тағы сол сияқты мәселелер қозғалды.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан қозғалған мәселелерді тыңдаған Қайрат Әбілханұлы жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді. Барлық көтерілген мәселе бойынша хаттамалық тапсырма әзірленіп, тиісті бөлімдер тарапынан зерделенетін болады.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support