- Advertisement -

Техникалық қадағалаушылардың жұмысы сынға алынды

21

- Advertisement -

Қандай құрылыс нысаны салынса да, ол тиісті заңнама талаптарына сай болуы тиіс. Кеше облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулеттің қатысуымен өткен жиында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Аймақтағы 36 құрылыс нысанының салыну барысы бойынша техникалық қадағалаушылардың жұмысы сынға алынды.

Басқосуда әуелі облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаевтың баяндамасы тыңдалды. Басқарма басшысының айтуынша, биыл құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған объектілердің қабылдау актісін қарауға 415 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 205 өтінішке оң жауап беріліп, 210 өтініш қайтарылған. «Оның бірінші себебі техникалық қадағалаушылардың құрылыс барысы туралы ай сайынғы есептерін жолдамауына тікелей байланысты», – деді А.Қарабалаев.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 165 мемлекеттік және 75 жекеменшік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері техникалық қадағалаушылар тарапынан 36 құрылыс нысанының салыну барысы туралы есеп ұсынылмаған.
Биыл облыс аумағындағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу барысында 3 техникалық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдар салынып, аттестаттары 6 айға тоқтатылыпты.
Жиында сөз сөйлеген Рүстем Рысбайұлы мемлекеттік бағдарламаларды орындауға барынша жауапкершілікпен қарау керектігін тілге тиек етті. Құрылыс қарқынын арттырып, мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керектігін, ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Өңірде салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы бойынша техникалық қадағалаушылардың жұмысын сынға ала отырып, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support