- Advertisement -

ДДСҰ: маймыл безгегін 92 адам жұқтырды

44

- Advertisement -

АҚШ, Канада, Австралия, Испания, Португалия және Ұлыбританияда маймыл шешегінің расталған бірнеше жағдайы тіркелген. Расталмаған, бірақ ұсқас белгілері байқалған науқастар да бар.

Маймыл шешегі Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Көбінесе осы аймақтарда болған адамдар ауруды жұқтырып, басқа мемлекеттерге таратады.

Британдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметі бойынша, бұл – сирек кездесетін вирустық инфекция. Ауру әдетте салыстырмалы түрде жеңіл өтеді және пациенттердің көпшілігі бірнеше апта ішінде қалпына келеді.

Соңғы мәлімет бойынша әлемде маймыл шешегін жұқтырған адам саны 100-ге жуықтады. Тағы 28-і медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады. Африкада таралған дерт қазіргі сәтке дейін 12 елде анықталған. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аурудан көз жұмғандардың бар-жоғын анықтау үстінде. Айта кетейік, маймыл шешегі – дененің жұғысуы немесе тамшылар арқылы ауамен берілетін, дене қызуын көтеретін, бас пен бұлшықетті ауыртып, соңы жаппай бөртпеге ұласатын дерт.

Ұлыбританияда аурудың алғашқы жағдайы 7 мамырда тіркелді. Ұлттық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, ер адам жақында Нигерияға барған, онда ол Англияға оралмас бұрын вирус жұқтырған.

Еуропада маймыл шешегіне қарсы мақұлданған вакцина болмаса да, Испанияның медициналық билігі індетпен күресу үшін шешек ауруына қарсы вакцинаның мыңдаған дозасын сатып алды. Маймыл шешек шешек вирустарының бір тұқымдасына жатады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support