- Advertisement -

«Қымызмұрындықты» жалпыхалықтық сипатқа айналдыру қажет

33

- Advertisement -

Талас ауданында облыстық «Қымызмұрындық-2022» этно-фестивалі өтті. Қарт Қаратау бөктерінде ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртқан шара барысында келушілерді әжелер қазақы қонақжайлылық пейілмен шашу шашып қарсы алып, ыстық бауырсақ пен қымыздан дәм татқызды. Барлық қонақтарға осындай ілтипат көрсетілді.

Этно-фестивальге облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан 100-ге жуық ардагер шақыртылған. Олар «Ауыз тию», «Биебайлар» рәсімдеріне қатысып, түрлі салт-дәстүрлер мен спорттық жарыстарды, қолөнер көрмелерін тамашалады.

Қариялар ақ батасын беріп, елдің тыныштығын, мал-жанның амандығын тіледі. Жиналғандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй тарту етілді. Арнау айтылып, би биленіп, дәстүрлі ән-жыр шырқалды.

Ел анасы, халықаралық «Qazaqstan Dauiri» ЖШС бас директоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, қазақтың ұлттық сусыны – қымыздың қадір-қасиеті жайлы тағылымды ойымен бөлісті.

Жиналғандар құндылықтарды құрметтеп, дәстүрді дәріптеген ел азбайтындығын атап өтіп, қымызды – ұлттық брендке айналдыру, кең көлемде насихаттау, ол үшін елімізде «қымызмұрындықты» тойлауды жалпыхалықтық сипатқа айналдыру секілді ұтымды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support