- Advertisement -

Жалған техникалық тексеруге жол жоқ

12

- Advertisement -

Қазіргі таңда автомобиль көлігі саласындағы өзекті мәселелердің бірі жалған техникалық тексерулерді жүргізу болып табылады.

Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне талдау жүргізу шеңберінде автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу рәсімдерінің бұзушылықтары анықталды.

Техникалық байқау операторлары автомобильдердің фотосуреттерін өзгертіп, бірнеше рет диагностикалық карталарды қолдан жасаған.

Тергеу барысында азамат Д. 7 техникалық байқау операторының меншік иелерімен туыстық және басқа да байланыстарда бола тұра, «Техбайқау» базасына қол жеткізу үшін электрондық-цифрлық кілттерге ие болып, ресми құжаттарды қолдан жасағандығы анықталды. Соның салдарынан ел жолдарында жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық ақаулы автомобильдер жүруде.

Сотқа дейінгі тергеу аясында жеткілікті дәлелдер жинақталды, күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық іс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның қолданылуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Қауіпсіздік саласындағы қадағалау көлік прокуратурасы органдарының ерекше бақылауында.

Көлік саласындағы кез келген бұзушылықтар туралы Жамбыл көлік прокуратурасының мобильді тобына хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7262) 542-100, 8-701-533-06-09).

Жамбыл көлік прокуратурасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support