- Advertisement -

«ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ

54

- Advertisement -

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 жылғы №329-Ө-М бұйрығымен бекітілген «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына» (жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 бұйрығымен бекітілген) және 22.07.2011 жылғы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекет қызмет түрін алу үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (әрі қарай-қызметті беруші) келесі құжаттармен қоса өтініш білдіреді:

1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);

Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген қандас мәртебесінің көшірмесін береді.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Құжаттарды қараудың және қандас мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес қандас мәртебесі жергілікті атқарушы органның шешімімен 1 рет алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Бұл іс-шара этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік береді.

Облысқа 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 16543 отбасыдан құралған 60512 қандас қоныс аударды.
2022 жылдың 1 сәуіріне 131 отбасыдан тұратын 174 адамға қандас мәртебесі берілді.

КЕЛГЕН РЕСПУБЛИКАЛАРЫ
БОЙЫНША КЕЛЕСІДЕЙ:
Өзбекстан Республикасы – 101 отбасы / 143 адам,
Қырғыз Республикасынан – 19 отбасы/ 20 адам,
Ресей Федерациясынан – 2 отбасы/ 2 адам,
Тәжікстан Республикасынан – 4 отбасы/ 4 адам,
Түркменстаннан – 5 отбасы/ 5 адам
Қала/аудан бөлігінде келесідей:
Тараз қаласы – 32 отбасы / 37 адам,
Байзақ ауданы – 33 отбасы / 43 адам,
Жамбыл ауданы – 8 отбасы / 16 адам,
Жуалы ауданы – 9 отбасы / 15 адам,
Қордай ауданы – 22 отбасы / 26 адам,
Т.Рысқұлов ауданы – 7 отбасы / 9 адам,
Талас ауданы – 4 отбасы / 9 адам,
Меркі ауданы – 16 отбасы/ 19 адам.
2022 жылдың 1 сәуіріне 22 отбасыдан тұратын
36 адамға қандас мәртебесі ұзартылып берілді.

А.ӘЛІМБЕКОВА,
облыс әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бас маманы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support