- Advertisement -

Мектепке берілген есім екі рет қайталанбауы керек

73

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылдың 11 сәуірінде «Жамбыл облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» № 204 қаулысымен Тараз қаласы және Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Шу аудандарындағы бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына бірнеше дара тұлғалардың есімі берілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның, №51 орта мектебіне Нарғазы Даневтың есімі берілді. Жуа лы ауданы бойынша №1 гимназиясы да Ш.Мұртазаның есімімен аталатын болса, №15 мектеп-лицейі Әлихан Бөкейханұлының, №29 орта мектебі Мағжан Жұмабаевтың есімдерін иеленді. Қордай ауданы бойынша №5 орта мектеп Қаныш Сәтбаевтың, №6 негізгі мектебі Шерхан Мұртазаның, №9 орта мектебі Әлихан Бөкейханұлының №11 негізгі мектебі Спандияр Көбеевтің, №13 орта мектебі Міржақып Дулатұлының, №21 орта мектебі Сәкен Сейфуллиннің, №24 орта мектебі Мұхтар Әуезовтің, №25 негізгі мектебі Санжар Асфендияровтың, №40 негізгі мектебі Смағұл Сәдуақасұлының, №45 негізгі мектебі Жұбан Молдағалиевтың, №47 орта мектебі Мұхаммед Хайдар Дулатидің, №49 негізгі мектебі Оралхан Бөкейдің, №50 орта мектебі әл-Фарабидің, №51 орта мектебі Ахмет Байтұрсынұлының, №10 орта мектебі Ораз Жандосовтың, Масаншы ауылындағы №12 орта мектебі Жүсіпбек Аймауытовтың,Сортөбе ауылындағы №17 орта мектебі Мәншүк Мәметованың, Сортөбе ауылындағы №18 орта мектебі Әлия Молдағұлованың, №20 орта мектебі Мағжан Жұмабаевтың, №22 Еңбек орта мектебі Ілияс Жансүгіровтің, №29 орта мектебі Шәкәрім Құдайбердіұлының, №30 орта мектебі Мұстафа Шоқайдың, №31 орт а мектебі Қайрат Рысқұлбековтің, №33 негізгі мектебі Мұқағали Мақатаевтың, №38 орта мектебі Талғат Бигелдиновтың, №39 орта мектебі Манаш Қозыбаевтың, №48 орта мектебі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімдеріне ие болды.

Меркі ауданы №1 мектеп-гимназиясына Асанбай Асқаровтың және осы аудандағы №9 мектеп-лицейге Мұхтар Әуезовтің есімі берілсе, Сарысу ауданы, Саудакент ауылындағы балалар музыкалық мектебі Ықылас Дүкенұлының, аталған аудандағы Сәкен Сейфуллин орта мектебі бұдан былай Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталатын болды. Шу ауданы бойынша №1 балалар музыкалық мектебіне Құрманғазы Сағырбайұлының, №49 бастауыш мектебіне Ілияс Жансүгіровтің, Жамбыл гимназиясына Ахмет Байтұрсынұлының, Төле би орта мектебіне Дінмұхамед Қонаевтың Ыбырай Алтынсарин орта мектебіне Кенен Әзірбайұлының, Т.Рысқұлов орта мектебіне Шерхан Мұртазаның, №18 орта мектепке Міржақып Дулатұлының, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылындағы мәдениет үйіне Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.

Бұл ретте кейбір танымал т ұлға лардың е сімін неге ауыстырған деген сауалдың туындауы заңдылық. Осы орайда облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Ақтолқын Исқалиевадан мән-жайды білген едік.

– Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасына 2021 жылы нысандарға атау беру, қайта атау
бойынша Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласынан 44 ұсыныс
түсіп, құжаттары зерделенді. Ұсыныстар бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп,
бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихат шешімі шығарылып, Қазақстан
Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды. Ол ұсыныстар 2021 жылдың 7 желтоқсанында Ре спубликалық ономастика комиссиясында қаралып, оң қорытынды шығарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолданып , 2022 жылдың 11 сәуірінде «Жамбыл облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» № 204 қаулысы қабылданып, баршамызды қуантып отыр.

Аталған қаулымен облысымызда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына, Ас анбай Асқ ар овт ың 100 жылдығына, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай осы тұлғалардың, сондай-ақ Алаш және қоғам қайраткерлерінің, батырлардың, атақты композиторлар, ғалымдар, ақын- жазушылардың есімдері 43 мектеп пен 1 мәдениет үйіне берілді.

Соның ішіндегі Сарысу ауданындағы 1 және Шу ауданында 5 мектептің атаулары қайталанатындықтан, осы аудандарда С.Сейфуллин, Жамбыл, Төле би, Ы.Алтынсарин, Т.Рысқұлов, М.Әуезов атымен аталатын мектептер біреуден қалдырылып, білім мекемелерінің құжатт арын қолданыст ағы заңнама талаптарына сәйке стендіру және тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында қайта аталды, – деді А.Исқалиева.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support