- Advertisement -

Техникалардың 10,6 пайызы жаңарды

182

- Advertisement -

Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы өткен жылы 50 миллиард 950,6 миллион теңгені құрады. Ал ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 7 миллиард 735,4 миллион теңгеге жетіп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 108 пайыз болды.Ауыл шаруашылығы тауарының ұлғаюына егін шаруашылығының да үлесі бар. Айталық, былтыр егістік көлемі 59551 гектар алқапты құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4037 гектар алқапқа артқан. Бұл алқаптың 30230 гектары суармалы, 29322 гектары тәлімді жер. Өткен жылы масақты дәнді дақылдардан 30688 тонна өнім жиналып, әрбір гектардан алынған орташа өнім 14,3 центнерді құрады. Картоптан – 16380, мақсарыдан – 810, бақша дақылдарынан – 50864, көкөністен – 192352, қант қызылшасынан 48300 тонна өнім жиналған. Осы жылдың өнімі үшін 8750 гектар алқапқа күздік бидай себілген. Сүдігер жоспары 30517 гектар болса, ол 82,2 пайызға орындалған.

Ал өткен жылы дәндік жүгері, көкөніс және бақша дақылдары жоспарының орындалмау себебі, ағын су жағдайы мен ауа райының қолайсыздығынан болды. Атап айтсақ, Шу-Талас бассейні Киров су қоймасында су мөлшерінің аз болуы және «Өтеміс», «Сеңкібай», «Белқожа», «Байзақ», «Сәмбет», «МР-3», «МР-4», «Свекловичный» каналдарында қайта қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағын су тапшылығы сезілді. Сондықтан бұл дақылдардың орнына ағын суды көп қажет етпейтін жаздық арпа, майлы дақылдар мен көпжылдық шөп артығымен орналастырылды.
Соңғы жылдары ауданда жылыжай салушылар қатары артып келеді. Бүгінгі таңда ауданда жалпы алаңы 5,2 гектар алқапты алып жатқан 5 жылыжай шаруашылығы жұмыс істеуде. Оның екеуі өнеркәсіптік, үшеуі фермерлік үлгідегі шаруашылықтар. Бұдан бөлек, 0,95 гектарды құрайтын 12 отбасылық жылыжай жұмыс істейді. Осылайша жылыжай көлемі ауданда 6,6 гектар алқапқа жеткен. Ол жылыжайлардан 762,3 тонна қияр және 35,5 тонна қызанақ жиналған.
Шаруашылықтардың техника парктері де жыл сайын жаңартылуда. Сонымен бірге ылғалдандыру технологиялары да көптеп енгізілуде. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары тамшылатып суғару технологиясын 2019 жылы 1346 гектар алқапқа енгізсе, 2020 жылы бұл көлем 3032 гектарға, 2021 жылы 1478 гектарға енгізілді. Сонымен ауданда 2038 гектар алқапқа тамшылатып, 2472 гектарға жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Жаңа технология енгізілген жалпы алқап 4510 гектарды құрап, суармалы егіс көлемінің 16,3 пайызы қамтылған. Бұдан бөлек, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 27 шаруашылық 40 жаңбырлатып суару технологиясын 188,1 миллион теңгеге сатып алып, егіс алқаптарына орналастыруда.
Ал ауыл шаруашылығы техникалар паркінің жаңару көрсеткіші 10,6 пайызды құрап отыр. Атап айтсақ, өткен жылы 86 шаруа қожалық жалпы құны 753,4 миллион теңге тұратын 164 жаңа техника сатып алды. Оның 35-і трактор, 1-еуі комбайн, қалғаны ауыл шаруашылығы тіркемелері. Лизинг жүйесі арқылы 11 шаруа қожалық 12 трактор, 1 комбайн және 14 ауыл шаруашылығы тіркемесін алған.
Мал азығын дайындауда жауапты науқан кезінде 30195 гектар алқаптың шабындығы ораққа түсіп, 182300 тонна пішен, 10 000 тонна пішендеме, 48400 тонна сабан және 9 мың тонна сүрлем дайындалды. Бұдан бөлек, табиғи шөптерді орып жинап алу мақсатында Мойынқұм ауданына 12 адамнан құралған бір бригада жіберіліп, ауданға 8 мың тонна пішен жеткізілді.
Мал басында да айтарлықтай өсім бар. Өткен жылы мүйізді ірі қара алдыңғы жылмен салыстырғанда 106,4 (49 249 бас), қой мен ешкі 110,8 (332 640 бас), жылқы 115,9 (17 113 бас), түйе 111,9 (1129 бас) пайызға өскен. Ал құстар 86,7 пайызға жоғарылап отыр. Мал басының артуы ет және сүт өнімдерінің ұлғаюына серпін берген. Атап айтсақ, өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 19577,7 тонна ет, 48568,7 тонна сүт және 13 миллион 672 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және несиелендіру бағдарламалары да табысты жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 2225 шаруашылық 2 663,5 миллион теңгенің субсидиясын иеленген. Таратып айтар болсақ, 455 шаруа қожалық мал шаруашылығы, 542 агроқұрылым инвестициялық субсидияға ие болған. Сонымен қатар 688 қожалық егін шаруашылығы, 3-еуі қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін, 172 агроқұрылымның кредит және лизингтік пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жұмыстары да атқарылуда. 2021 жылы 134 шаруа қожалығына 800,5 миллион теңге несие таратылды.

Нұрсұлтан АҚЖОЛОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support