- Advertisement -

АРДАГЕР ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

293

- Advertisement -

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында біздің елден 22 269 жауынгерлер өздерінің интернационалдық міндетін атқарды. КСРО Қарулы күштері 1979 жылдың 27 желтоқсанында Ауғанстанға кіргізілген болатын. Тек 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес Одағының әскері ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура 33 жыл өтті. 10 жылға жуық уақытқа созылған сол соғыстың жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстаннан аттанғандардың 21-і сол соғыста із-түзсіз жоғалып кетсе, 924 отандасымызға өзге елдің топырағы бұйырған. 1015 азамат елге мүгедек болып оралған. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысының зардабы осындай. Сол соғыстан аман оралған ардагер, интернационал –жауынгерлерге құрмет көрсету – кейінгі буын үшін дәстүрге айналған. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД -158/4 мекемесінде де сол соғысқа қатысқан жауынгерлер бар. Түзеу мекемесінде талай жыл еңбек етіп, бүгінде құрметті зейнет жасына жеткен, отставкадағы әділет капитаны Николай Викторович Забарин мен отставкадағы подполковник Ерболат Амантайұлы Ақжігітов бұл атаулы датада ескерусіз қалған жоқ. Түзеу мекемесінің бастығы Әділет полковнигі Ерлан Тоқановтың бастамасымен қос ардагерге алғыс білдіріліп, «Ауған соғысының құрметті ардагері» құттықтау хаты және естелік сыйлықтар табысталды. 

Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер — бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлерінің бейбітшілік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу біздің борышымыз болып табылады, дейді мұндағы тәртіп сақшылары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support