- Advertisement -

Қазақстандық могулшылар Чжанцзякоуда жаттығуға кірісті

79

- Advertisement -

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Қытайда Олимпида қарсаңындағы жаттығуға кірісті, деп хабарлайды «Aq jol» — Aqparat Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Могулшылар тауда орналасқан Чжанцзякоу қалашағында орналасқан әрі сол жерде жаттығу жасайды. Бұл олимпиадалық картадағы ең қашық кластер болып саналады.

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд қорғайды.

«Бүгін команда дайындықты бастады. Мұнда күн салқын, қалың қар жауып тұр, жел де бар. Бүгін бірінші жаттығуды өткіздік. Олар енді ғана бой үйретіп жатыр. Сондықтан, біз бүгін жарыс жолын сынап көрді десек, артық емес. Жарыс жолы өте қиын. Видеоны қайта қарап, сараптайтын боламыз. Содан соң әрбір спортшы өзі түсетін жолақты таңдайды», — деді фристайл-могулдан Қазақстан командасының бас бапкері Елена Круглыхина.

Сондай-ақ, бас бапкер спортшылардың олимпиадалық ауылға толық жайғасқанын атап өтті. Айта кетелік, Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты могулшылар бастайды. Іріктеу сыны 3 ақпанда, ашылу салтанатынан бұрын басталады.

Чжанцзякоу кластерінде фристайл, шаңғымен тұғырдан секіру, биатлон, шаңғы, шаңғы қоссайысынан командалар орналасқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support