- Advertisement -

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

53

- Advertisement -

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының тағы бір байланысын анықтады. Ақтөбе қаласында есірткі өндіретін және сататын 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар осындай оқиғалар тіркелген болатын. Сол кезде сатуға дайын 25 келіден астам есірткі және оларды жасауға арналған 3,5 тонна прекурсорлар тәркіленді. Бес ірі есірткі зертханасы жойылды, олардың екеуі Қарағанды облысында, ал Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Ақмола облыстарында бір-бірден жұмыс істеген. Арнайы операция барысында трансұлттық ҰҚТ ұйымдастырушысы мен алты қатысушысы ұсталды, олар мефедронды Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де жасап, өткізуді ұйымдастырған.

Қылмыскерлер өздеріне бекітілген есірткіні өткізу аумағына жетекшілік етіп отырған, сондай-ақ, заттарды тасымалдау, дайындау және сақтау сияқты белгілі бір міндеттерді атқарған. Мәселен, төртеуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларында психотроптық заттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Олардың бірі өз қызметін Ресей мен Грузия аумағында жүзеге асырған.

Тергеу барысында Халықаралық қылмыстық байланыстар анықталып, ҚР ҚК-нің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ҰҚТ бойынша есірткі сатумен байланысты сегіз қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, Ішкі істер министрлігімен синтетикалық есірткінің  айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар мақсатты бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support