- Advertisement -

«Жырға іңкәр жүрек»

282

- Advertisement -

Қазақсан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, жергілікті ақын Айша Көпжасарованың мерейлі 80 жасқа толуына орай, Абай атындағы орталық кітапханада  «Жырға іңкәр жүрек» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Ақынның «Қазақ қыздары», «Күз», «Таразым», «Тәуелсіз Отаным» атты  өлеңдері оқылды. Кеш қонақтары Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, ақын Үміт Битенова, журналист Есет Досалы қаламгер Айша Көпжасарованың сиқырлы сырымен көпшілік көңілін бірден баурап алатын төкпе жырлары туралы ой бөлісіп, ақынға шығармашылық табыс тіледі.

Өз кезегінде сөз алған кеш иесі Айша Көпжасарова өзінің отбасы, шығармашылық жолы туралы айта отырып, оқырмандар сұрағына жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support