- Advertisement -

Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді

44

- Advertisement -

Конституция күніне орай Тараз қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Д.Қарбышев атындағы №16 мектептің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер тіледі.

Өз сөзінде Бердібек Машбекұлы ағымдағы жылы облыста 21 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін 11-і, жаңа оқу жылына орай 7-еуі пайдалануға берілетінін жеткізді. Сондай-ақ  аймақ басшысы мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау жыл санап артып жатқанына тоқталды.

Нысан құрылысын «Сұңқар2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ал жаңа ғимараттың сыйымдылығы 348 орынға жоспарланған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де айрықша көңіл бөлінген. Мектеп аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар білім беру мекемесіне жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, «Шахмат тақтасы», «Мак», «Лабиринт» секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Аталған білім ордасының директоры Жанна Оңғарбаеваның айтуынша, биыл мектеп табалдырығын 1410 оқушы аттайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support