- Advertisement -

Болашақ чемпиондарды ерте жастан жаттықтыру керек

97

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының басшылығымен және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. «Тараз» ФК басшысы Талғат Тұрлыбайұлы, клубтың бас бапкері Вардан Минасян жаңалықтарымен бөлісті.

Өңір басшысы кәсіби дайындалған резервті қалыптастыру үшін ойыншыларды даярлаудың бірыңғай әдістемесі бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

 

– Болашақ чемпиондарды ерте жастан жаттықтыру керек. Бала кезінен футбол дағдыларын шебер игеріп өссе, олар облыстың бас командасына шақырту алып, ұлттық құрамада да ойнау мүмкіндігіне ие бола алады.  Жасөспірімдерді даярлаудың нақты және бірыңғай жүйесі ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге ықпал етеді, — деді облыс әкімі.

Осы жылдың басында облысқа PRO UEFA нұсқаушысы Игорь Шпанера және A Elite UEFA жаттықтырушысы Дмитрий Васильев шақырылды. Игорь Шпанер «Тараз» балалар мен жастар клубын дамыту бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалды.

– Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегия қабылданды. Аймақтың барлық командаларының бірыңғай ойын стилін қалыптастыру маңызды. 6-7 жастағы балаларды жастар клубтары мен «Тараз» ФК дайындайтын болады. Ал ол білікті кадрларсыз мүмкін емес. Сондықтан жаттықтырушылар да қатар оқытудан өтуі керек, — деді Игорь Шпанера.

Дмитрий Васильев – оқыту нұсқаушысы, дене шынықтыру жаттықтырушысы. Кездесуде облыс әкіміне тағы бір арнайы шақырылған маман – жаттықтырушылардың кураторы болатын Александр Глущенко таныстырылды.

Бұл мамандар команданың бас жаттықтырушысымен бірге «Тараз» ФК-ны еліміздің басқа клубтары арасында көшбасшы ету жолында еңбек етпек.

– Біз аудандардағы барлық спорт мектептерімен байланыс орнатып, ауыл балаларымен және олардың жаттықтырушыларымен жұмыс жасауымыз керек, — деді өңір басшысы.

Кездесуде маусымдағы міндеттер туралы да айтылды. Команда капитаны Мақсат Әмірханов аймақ басшысын команда келесі ойында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салып ойнайтындықтарына сендірді.

– Соңғы уақытта «Тараз» өз позициясын жоғалтуда. Командада кәсіби ойыншылар аз емес, олардың арасында біздің жергілікті жігіттер де бар. Жанкүйерлер сіздерден жақсы ойын күтеді. Қарапайымдылық, еңбекқорлық, табандылық – осындай қасиеттер сіздерді жеңіске жетелейді. Сіздер облыстың намысын қорғап жүргендеріңізді естен шығармаңыздар, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев облыс басшылығы әрдайым футбол клубына қолдау көрсететіндігін тілге тиек етіп, ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтау керектігін баса айтты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support