- Advertisement -

Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

121

- Advertisement -

Бүгінде тұрғындардың қауіпсіздігін күзетіп жүрген тәртіп сақшыларына жүктелген жауапкергіліктің жүгін айтпасақта түсінікті. Ал олардың еселі еңбегіне қарай марапатталып жатқанын көріп: «Лайық, бәрекелді!» деп жатқанымыз полиция қызметкерлерінің жұмысынан аз-кем хабардар болғанымыздан шығар.

Бүгін, 23 маусым — Полиция қызметкерлерінің күні. Осы орайда қажырлы еңбегіне қарай құқық сақшыларына аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Құрмет граматосы табыс етілді.

Олардың қатарында Жамбыл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Қалмаханда бар.

Төл мерекесіне орай аудандық полиция бөлімінде аудан әкімінің Құрмет Грамотосын табыстаған аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғатбек Тәтенов Азамат Қалмаханұлына ізгі тілектерін арнап, жұмысына табыс тіледі.

Рас, Азамат Қалмаханұлы — білікті, қырағылығымен, әділдігімен ел аузында жүрген азамат.
Сондай-ақ бұл күні бірқатар азаматтар лайық марапатқа ие болды.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support