- Advertisement -

1 маусымнан бастап Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі басталды

77

- Advertisement -

2021 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі басталды. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін Тараз қаласында интервьюерлер тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) және тұрғын емес үй-жайларға тікелей (жеке) бару және оларда тұрақты тұратын адамдардың санын нақтылау арқылы оларды аралау және есепке алу жүргізіледі.

Осы жұмыстарды жүргізу үшін Тараз қаласында 16 нұсқаушы, 14 нұсқаушы-бақылаушы және 97  интервьюер тартылды, резервке интервьюерлер де қабылданады. Уақытша санақ персоналы жиналған ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істеуге үйретілуде.

Учаскені аралау кезінде интервьюердің өзімен бірге тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның қолданылу мерзімі көрсетілген фотосуреті бар куәлігі, Халық санағының нышаны, сондай-ақ аумақтық статистика органының қолы мен мөрі болуға міндетті. Бұдан басқа, әрбір интервьюерде халық санағының символикасы бар көк түсті портфель болады. Интервьюердің деректерін куәлік нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Санақтың дайындық кезеңінде алынған мәліметтер санақ аудандастыруды жүргізу, яғни аумақты нұсқау және есеп учаскелеріне бөлу және халық санағының негізгі кезеңі үшін ұйымдастыру жоспарын жасау үшін пайдаланылатын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар бірыңғай call-орталыққа ұялы және стационарлық телефондарға арналған 1446 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support