- Advertisement -

Ерлікке тағзым

89

- Advertisement -

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жас қызметкерлері облыстық Полиция департаментіндегі мұражайға экскурсия жасап, бейбіт күннің батыры Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігімен танысып, қапияда қаза тапқандарды еске алды.

Мұражай қызметкерлері келушілерді жылы шыраймен қарсы алып, Ғазиз Байтасовтың көне шаһарды жихад «жауынгерінен» қалай қорғап қалғанын түсіндіріп, мол мағұлмат берді. Ел тыныштығы үшін лаңкестің қолынан қаза тапқандардың ерлігінен ерекше  әсер алған жастар антына адал болған полицейдің даңқын дәріптеп, ерлігін ұлтқа ұран, ұрпаққа үлгі етіп жүрген мұражай қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

Айта кетейік, осыдан 10 жыл бұрын қарашадағы қанды оқиға Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген еді. Тараз көшелерінде бейбіт елдің тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтауда полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тапты.

 

Айгерім Ерубаева,

ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support