- Advertisement -

Партия жұмысына пандемия бөгет бола алмайды

152

- Advertisement -

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының   ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясында жасаған баяндамасында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов саяси құрылымның әлемдік пандемияның салдарын жоюға бағытталған жұмысына айрықша тоқталды. Оның айтуынша пандемия партия жұмысына ешқандай кедергі келтірмеген. Керісінше партия карантиндік шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылғандарға көмек көрсету арқылы халықтың әлеуметтік мәселелерімен танысуға, оларды шешуге мүмкіндік алған.

– Қиын-қыстау кезеңде халқының қасынан табылып, қолұшын созып, тілеулес болу  «Nur Otan»-ның айнымас қағидасы cаналады.Партия бұл ұстанымынан   жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте де айныған жоқ. Табысынан айрылған, әлеуметтік осал отбасыларына бірінші болып көмек қолын созды.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде коронавирус салдарынан зардап шеккен мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.

Қор тарапынан  облыс бойынша 40 мыңға жуық отбасына   50 000 теңгеден бірреттік көмек берілді.  Қайырымдылық шарасына жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі  1 миллиард 945 миллион 800 мың теңгеге тең.  жуық қаржыға  .

Бұл  шарадан өңірдегі кәсіпкерлер, депутаттар, меценаттар,  партияның депутаттық фракциялары мүшелері, бастауыш партия ұйымдары және белсенді партия мүшелері де шет қалмады.

Түркістан облысы Арыс қаласы мен Мақтарал ауданында  орын алған төтенше жағдай кезінде де «нұротандықтар» жұдырықтай жұмыла білді, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының   ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясына аудандық филиалдардың есеп беру-сайлау конференцияларынан сайланған 67 делегат қатысты.  Эпидемиологиялық ахуалға байланысты делегаттардың дені жиынға ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов филиалдың Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебін берді. Өз баяндамасында Дауыл Ынтықбайұлы жергілікті жерде саяси құрылымның  алдағы жоспарларына да тоқталып өтті.

— 2019-2020 жылдар аралығында партия облыстық филиалының 4 кезектен тыс конференциясы, 3 Саяси кеңес пен 15 Саяси кеңес Бюросы отырысы өтті, Партиялық құрылым мүшелерімен қабылданған қаулылар толығымен орындалды.

Соңғы екі жылда жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде, облыста партия қатары 5103 адаммен толықты. Бүгінгі күні өңірде 54340 партия мүшесі бар. Жамбылдық «нұротандықтардың» дені әлеуметтік және экономика, қызмет көрсету саласының өкілдері.

Партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сай «Nur Otan»-ның қатарына шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының өкілдерін тарту бағытында жұмыстар қолға алынды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында «Nur Otan» партиясы өз кандидатын ұсынды.

Партия атынан ұсынылған  қазіргі ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Облыста ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын  423 адамнан жасақталған облыстық, қалалық және 10 аудандық қоғамдық штаб өкілдері жүргізді. Сондай өңірде кандидаттың
1016 кандидаттың сенім білдірген өкілі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына атсалысты.

Нәтижесінде сайлау қорытындысымен кандидатымыз облыс бойынша 69,7 пайыз дауыс жинап, жамбылдықтардың таңдауы «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» қағидатымен үйлесетіні  белгілі болды.

Өткен жылы партияның саяси жылнамасында атаулы оқиға ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына үміткерлер ұсыну бойынша ішкіпартиялық праймериздің тұрғаны ақиқат.

Жалпы, ішкіпартиялық іріктеуге қатысуға 767 адам өтінім берсе, 85 пайызы немесе 656-сы өзін өзі, ал, 111 үміткерді бастауыш партия ұйымдары ұсынды.

Барлық 391 үміткер тіркеуден өтіп, кандидат мәртебесіне ие болды.

Оның ішінде  33,5 пайызы әйелдер болса, 21,7 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрады.

Ішкіпартиялық праймериз еліміздегі ең алғашқы онлайн дауыс беру жүйесін табысты іске асырды.

Өңірдегі партия мүшелері мобильді қосымша арқылы өз  таңдауын жасады. Мақсатты жұмыстарды табысты аяқтаған  партия Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында айқын жеңіске жетті.

Облыс сайлаушыларының 79,5 пайызы «Nur Otan»-ды қолдады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша мәслихаттардағы мандат санының 175-і немесе 84,9 пайызы «Nur Otan» партиясының еншісінде.

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының құрамы 68,8 пайызға жаңарды.

Ендігі міндет – сайлаушылардың аманаттары мен ұсыныс-өтініштерін, халыққа берген уәдені орындау болып табылады. Праймериз барысында және сайлау науқанының үгіт кезеңінде тұрғындардан түрлі саланы қамтитын 1 мыңға жуық ұсыныс-өтініш пен аманат түсті. Олардың барлығы  барлық партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаларында көрініс тапты.

5 жылдық бағдарламаларды жүзеге асыру   республикалық, облыстық, аудандық (қалалық)  Жол карталары  қабылданды, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Мұнан соң партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары сайлауалды бағдарлама аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен индикаторлық көрсеткіштеріне тоқталды.

— Сайлауалды бағдарламаның мерзімінде, әрі сапалы орындауда жауапкершілік жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне және өңірдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясына жүктелген. Қазіргі таңда партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті филиалдары жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды,– деді Д.Бейсенқұлов.

Конференцияда жасаған баяндамасында Дауыл Ынтықбайұлы партияның саяси науқандардағы жарқын оның жергілікті филиалдармен жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі екендігіне айрықша назар аударды. Партияның облыстық филиалының соңғы 2 жылда партиялық жобалар шеңберінде атқарған жұмысының барысы да сөз болды.

Баяндамашыдан соң «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Айгүл Ақшалова, партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» пеш бөлімінің ауысым басшысы Александр Пягай, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Мадияр Қарабаев жарыссөзге шықты. Олар еліміздің жетекші партиясының жүргізіп отырған саясат қоғам өмірінің барлық саласына тың серпін бергенін айтып, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің есепті кезеңде атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Жиын күнтәртібіне «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарының есебі, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесін сайлау, Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау туралы мәселелер қойылды.

Конференция жұмысын партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

– Партия жұмысы оның сайлаушыларға сайлауалдында берген уәделерінің үдесінен шығу қабілетімен өлшенеді. Бұл орайда өңірдегі партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының әрбір тармағына жауаптылар айқындалып,  қаржылық ресурстар пысықталды. Ендігі кезекте партия тарапынан бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатаң   бақылау жасалғаны жөн. Партия облыстық филиалдары жанындағы Саяси Бюро, фракция отырыстарында  Жол картасының    іске асырылу барысы туралы тиісті мекеме басшыларының, фракция жетекшілерінің есептерін тыңдау тәжірибесі енгізу қажет. Сонымен қатарыпартия филиалдары жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің негізгі жұмыс бағыты да сайлауалды бағдарламаларын іске асыруды қоғамдық саяси бақылауға бағытталады,– деді Бердібек Машбекұлы.

Өз сөзінде партия облыстық филиалының төрағасы жауаптыларды жергілікті филиалдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, партия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, «Jas Otan» Жастар Қанатының «Жас Ұлан», «Жас Қыран» сынды ұйымдармен байланысын нығайту мәселелеріне де назар аударуға шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support