- Advertisement -

«Ақ жолды» республикадағы ең бір айбынды газеттердің бірі деп білеміз

219

- Advertisement -

Қазақ тілді баспасөздің облыстағы қарашаңырағы «Ақ жолдың» ғасырлық жасына қадам басуы оқырмандары мен журналистері ғана емес, әр жылдарда редакцияда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлері үшін де қуанышты жаңалық! Осындай сәтте қасиетті Әулиеата жерінің халқымен тағдырлас, облыс өмірінің айнасы, тарихының жылнамашысы болып келе жатқан басылымның оқырмандарының талғамына сай шығуына ширек ғасыр үлес қосқаның, сол күндердің ұмытылмас оқиғалары еске оралады екен.

Арада отыз бір жыл өтсе де күні кешегідей көз алдымда тұр. Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін халықтық бағыт ұстанып, өткір жарияланымдарды жиі бере бастаған, таралымы 47 мыңға жуықтап қалған газетіміздің 1990 жылдың үшінші сәуірі күнгі саны «Ақ жол» атауымен шықты. Бірінші бетіне «Сапарың оң болсын!» деген редакциялық мақала жарияланып, онда осыған дейін «Еңбек туы» болып келген басылымның тарихы, жаңа атауға ие болуы туралы айтылған еді. Ал «Ақ жолға» – ақ тілек» топтамасында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы жатқан жері жұмақ болғыр Шерағаңның – Шерхан Мұртазаның, Қ а з а қ с т а н Жу р н а л и с т е р од а ғ ы басқармасының сол кездегі төрағасы «Қазақстан коммунисі» («қазіргі «Ақиқат») журналының бас редакторы, марқұм Камал Смайловтың, сондай- ақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Талдықорған облыстық газеттерінің бас редакторларының құттықтаулары берілген болатын.

Сол құттықтауларда айтылған тілектер қабыл болып, «Ақ жол» халықтық қалпын сақтап, жемісті сапарын жалғастырды. 1992 жылғы 1 мамырда шыға бастағанына 70 жыл толғанына арналған мерекелік санында Шерхан Мұртаза ағамыздың: «Ақ жолды» республикадағы ең бір айбынды, халыққа қадірлі газеттердің бірі деп білеміз. Лайым сол абырой аласармасын, қаламгерлерін де, оқырмандарын да қасиетті ата- бабаларымыздың әруағы желеп-жебеп жүрсін» деген бата-тілегін жеткізген жеделхаты жарияланғаны да есте.

Газет өмірбаянына қатысты тағы бір еске алар оқиға – 2008 жылдың қазан айында болған еді. Талантты ж у р н а л и с т, ж а зу ш ы М а қ ұ л бе к Р ы с д ә ул е т м а р қ ұ м б а с қ а р ғ а н газетіміз «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл «Ақ жолдың» ізденістері мен жетістіктері көп болғаны, абыройы еш а лас армай, оқырмандардың ықыласына бөленгені үшін берілген лайықты марапат болатын. Айталық, айына бір рет берілетін, он екі беттік «Атпал» – «Ақ жол» нөмірлерінде жарияланған мақалалар өзектілігімен ерекшеленетін. Осыдан да болар сол мақалалардың барлығы 2005-2009 жылдары республикалық «Қазақпарат» баспасынан «Атпал»–«Ақ жол» деген атпен шыққан кітаптар арқылы оқырмандардың игілігіне айналды.

Тізер болсам, атына заты сай болған «Ақ жолдың», онда еңбек еткен қаламгерлердің жұлдызды сәттері өте көп. Жеке өзімнің де шығармашылық ізденістерім ескерусіз қалған жоқ. Алған марапаттарымның ішінде облыс әкімі тағайындаған «Ауыл жылы» сыйлығының тұңғыш иегері болғаным мен аграрлық азық- түлік бағдарламасын насихаттауда журналистер арасында 2003-2005 жылдары өткізілген конкурстың үш жыл қатарынан бірінші орын жүлдегері б ол ы п , а қ ш а л а й с ы й л ы қ т а р ы н алғанымның орны бөлек.

Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз алдыңғы толқынның ісін кейінгілер лайықты жалғастыруы ғой. Былтыр «Ақ жол» газеті ұлттық «Үркер-2020» сыйлығының «Жыл басылымы» номинациясы бойынша жеңімпаз деп табылды.

Республикада беделді ұлттық сыйлықтарды екі рет алған жалғыз облыстық газет біздің «Ақ жол» болар! Онда еңбек етіп жүрген журналистердің қазіргі буыны тың ізденістерге барып, басылымның оқырмандарының сүйіспеншілігіне бөленуіне қол жеткізе беретіні кәміл.

Бәрімізге де қымбат, қадірлі «Ақ жолымыздың» абыройы мен атағы алда да арта берсін, ғасырлық жасқа қадам басқаны құтты болсын!

Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ,

ардагер-журналист,

Байзақ ауданының

Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support