- Advertisement -

«Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан»

151

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай зағип оқырмандар арасында «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан» атты зияткерлік ойын  өткізді.

Зағип жандардан құралған топ «Тұлпар» және «Жалын» болып екіге бөлініп, 3 адамнан тұратын құрам жарысқа кірісті.

Жеке бастың мінез-құлқының қалыптасуына, ұстамды және ізденімпаз болуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал ететін зияткерлік ойынның шарты  5 бөлімнен тұрды.

Еліміздің салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасынан ақпарат беретін ойынның бірінші бөлімінде  Желтоқсан оқиғасы, екінші бөлімінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, үшінші бөлім Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы мен негізгі жұмыстары, төртінші бөлім қазақ әдебиеті, бесінші бөлім «Жүзден жүйрік» бағдарламасынан алынған сұрақтар қойылды.

Зияткерлік ойын нәтижесінде «Тұлпар» тобы 10 сұрақтын 8 сұрағына, ал «Жалын» тобы 9 сұрағына дұрыс жауап беріп, көшбастады.

Зағип оқырмандар  зияткерлік ойынға шабытпен қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құтықтап, ізгі тілектерін білдіріп, кітапханаға  алғыстарын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support