- Advertisement -

Еңбек етемін деген адамға жұмыс көп

114

- Advertisement -

Бүгінде ел игілігіне арналған бағдарламалар көп. Тек бағдарлама тиімділігін пайдалана білуге сауаттылық, ізденіс қажет. Кәсіп ашып, еңбек етемін дегендерге мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мол.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін құруға мемлекеттік гранттар беру конкурсында ауданымыздың азаматтары грантты жеңіп алған болатын.

Олардың қатарында жаңатастық жас кәсіпкерлер Мадияр Кәрібаевтың мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған құрал-жабдықтар жасау жобасы да бар. 2019 жылы іске қосылған мүмкіндігі шектеулі жандарға құрал-жабдықтар шығару ЖК «Мадияр» цехы айына 10-15 дана құрал-жабдықтар шығарады. Осы цехқа аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы барып, шеберлермен тілдесіп, жұмыстарымен танысып қайтты.

— Бүгінде еңбек етемін деген адамға жұмыс көп. Бастысы ниет болса болғаны. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрал-жабдықтар вертикализатор мен ходунок жасау көптен көкейімізде жүрген дүние болатын. Тәуекел деп қолдағы бар материалдармен жасап көрдік. Нәтижесі жаман болмады. Көңілімізден шықты. Оларды қолжетімді бағада сатылымға шығардық. Бизнес бастағаннан кейін түрлі қиыншылықтар да кездесіп жатады. Алғашқы уақытта біраз қиындықтар туындады. Бірақ, талпынысымызды одан әрі күшейтіп, жұмысымызды жолға қойдық. Қазір кәсіптің, еңбектің заманы емес пе? Біз де уақыт ағымына ілесіп, кәсіп көзін ашуды мақсат еттік. Алда жоспарларымыз көп. Қазіргі таңда 5 адам жұмыс істейді. Айлық жалақысы келісімді, — дейді кәсіпкер Мадияр Болатұлы.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support