- Advertisement -

Тараз қаласындағы сервистік әкімдіктердің жұмысымен танысты

117

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Тараз қаласында орналасқан сервистік әкімдіктер жұмысымен танысып шықты.

Алдымен орталықта орналасқан ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, дене шынықтыру және спорт саласының мамардары шоғырланған сервистік әкімдікке барды.

— Мұнда қала тұрғындары нақты уақыт режимінде өз өтініштері бойынша ұсыныстар мен жауаптар ала алады. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру, — дейді Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы Дәурен Абдуқасымов.

Сондай – ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев барлық деңгейдегі әкімдіктердің сервистік форматқа көшуі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес келетінін тілге тиек етті.

— Егер біреу әкімдікке бір сұрақпен бас сұқса, ол оның шешімі басқа бөлімдермен тікелей байланысты екенін білмеуі мүмкін. Яғни, бірнеше мемлекеттік қызметті бір жерден алу қажет болады. Мұндай жобаны іске асыру адамдарды кабинеттер арасында бірнеше күн бойы сандалып жүруден босатады. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді, — деді ол.

Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері базасында «Open space» форматында жұмыс істейтін алғашқы сервистік әкімдіктің жоғары тиімділігі атап өтілді. Онда бөлімдер артық бюрократиясыз тікелей байланыс арқылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жаңа сервистік әкімдік тұрғындарға 20-дан астам танымал Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде ұсынатын болады.

Азаматтарды қабылдау ашық кеңседе өтеді. Егер азаматқа, мысалы, бөлім басшысымен немесе оның орынбасарларымен кездесу қажет болса, ол оған арнайы сол кеңседе қол жеткізе алады. Шыны қабырғалар, сондай-ақ бейне және аудио жазбалармен жабдықталған кеңсе кез-келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алары сөзсіз.

Жазира Жақсылыққызы сервистік әкімдік жұмыстарымен танысып, жеделділік пен нәтижелік – әкімдік қызметіне қойылатын басты талап екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жұмыс тобы жер қатынастары және сәулет мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің 14 түрі ұсынылатын Тараз қаласындағы екінші «Сервистік әкімдік» жұмысын саралады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support