- Advertisement -

Тунистегі табыс

88

- Advertisement -

Тунис елінің астанасы Тунис қаласында пара жеңіл атлетикадан әлемдік гран при додасы өтті. Бұл аламанда ұлттық құрама спортшылары да бақ сынаған болатын. Сонымен қатар Тунистегі тартысқа толы жарысқа облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жеңіл атлеті Салтанат Әбілхасымқызы да қатысып, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе білді.

Әлемдік гран при додасына жаһанның 59 мемлекетінен 586 спортшы қатысқанын ескерсек, жеңіл атлеттер аламаны ауыр әрі тартысты жағдайда өткенін түсінеміз. Кіл мықтылар топқа түскен байрақты бәсекеде қазақстандық спортшыларға оңай соқпағаны ақиқат. Желаяқтар жарысында жалпыкомандалық есепте Тунис командасы топ жарса, екінші орынды Морокко елінің құрама командасы, үшінші орынды Колумбия мемлекеті иеленген болатын. Төрт алтын, үш күміс, екі қола жүлдені қоржынға түсірген Қазақстан құрама командасы жарысты он екінші орынмен түйіндеді.

Ұлттық құрамамыз он екінші орынға табан тірегенімен, кейбір спортшыларымыз жекелей сында жақсы нәтиже көрсеткенін айта кеткен ләзім. Мәселен, жерлесіміз Салтанат Әбілхасымқызы 100 метр қашықтықта қарсыластарының барлығының алдын орап, алтын медальді жеңіп алса, 200 метр қашықтықта төртінші орынға табан тіреп, сенімді ақтады.

Бұл нәтиже Салтанаттың жаңа биіктерді бағындыруына сеп болады деп сенеміз. Ұлттық құраманың бас бапкері Тахир Мамашевтен тәлім алған ол қазіргі кезде әлемдік рейтингте оныншы орынға жайғасқан. Осы көрсеткіші арқылы Салтанат Жапония астанасы Токио қаласында өтетін кезекті Паралимпиада ойындарына қатысуға бір табан жақындай түсті. Жалпы, Салтанаттың Тунистегі табысы оны желпіндіріп отырғаны рас. Ол Токиодағы додаға қатысып, ойдағыдай нәтиже көрсетіп, жамбылдық жанкүйерлерді қуантқысы келеді.

 

 Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support