- Advertisement -

Коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаратын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

23

- Advertisement -

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады деп үміттенетінін айтты. 

— Зауыт құрылысы, негізінен, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біздің әріптестеріміз, Білім министрлігі осы мәселелермен айналысуда. Зауыттың іске қосылуы желтоқсан айына жоспарланған, сондықтан қазір жұмыс қарқынды жүруде. Ол уақытында орындалады деп сенеміз, — деді Цой.

Министр зауыттың Жамбыл облысында, Қордай ауданының Гвардейский қалалық типтегі поселкесінде салынып жатқанын түсіндірді.

Биофармацевтикалық вакцина зауытының құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталды. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қоса алғанда, өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support