- Advertisement -

Елімізде ұлттық тұтынушылар қауымдастығы құрылады

29

- Advertisement -

Қазақстанда барлық қоғамдық ұйымды біріктіретін ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру жоспарлануда. Бұл туралы үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Ведомство басшысы үкіметтің қарауына еліміздегі тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін түбегейлі жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жаңа бастамалар ұсынды. Соның бірі – ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру.

«Тұтынушылардың барлық қоғамдық ұйымын біріктіретін, өңірлерде кең таралған өкілдіктері бар Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастырған жөн. Екіншіден, үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құру керек», – деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына қосу ұсынылды.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне, яғни KPI, тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу жоспарланып отыр.

Премьер-министр қоғамдық ұйымдардың бірлестігін құру қажеттілігі туралы ұсынысты қолдап, бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажеттілігін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support