- Advertisement -

Халықпен дөрекі сөйлескен бас санитарлық дәрігерге қатысты тәртіптік іс қозғалды

51

- Advertisement -

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне тәртіптік іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Тәткен айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған қаласы тұрғындарымен кездесуі барысындағы видеоға назар аударып, оның барысында Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзу фактісін анықтаған.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаментіне істі Әдеп жөніндегі кеңесте қарай отырып, мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғау тапсырылды. Тәртіптік істі қарау нәтижесі қоғамға жеткізілетін болады», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Тәткен.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде шенеуніктің Талдықорған кәсіпкерлерімен кездесуінің видеосы таралған болатын. Онда тұрғындар бас санитарлық дәрігердің дөрекілік танытқандығына шағымданған еді. Осыдан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support