- Advertisement -

Мен Covid-ті екінші рет жұқтырдым

52

- Advertisement -

Коронавирустан жазылып шыққан адам, оны екінші рет жұқтыруы мүмкін! Себебі, науқастың иммунитеті төмендеп, Covid-19 инфекциясы ғана емес, өзге де кеселдерге шалдығуы ықтимал. Мұндай пікірді шетелдік ғалымдар айтуда. Ал, елімізде жазылып шыққан науқастың сынамасы қайтадан оң нәтиже көрсеткен ресми дерек әлі тіркелген жоқ. Бірақ, әлеуметтік желіде вирустан сауыққан тұрғындар, иіс пен дәмді сезбей жатқандарын мәлімдеп, қайтадан ауыруға шалдыққанын жазуда.

Мамандар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Агия Зейнуллинаның Фейсбук желісінен алынған жазбасынан үзінді: «Мен Covid-ті екінші рет жұқтырдым. Алғаш рет наурызда симптомсыз түрі болды. Сынама оң нәтиже көрсеткендіктен ауруханаға жатқызды. Екі айда толық емдеу курсынан өттім. Жұмысқа шыққаннан кейін екінші рет ауырдым. Тапсырған тестім қайтадан оң нәтиже көрсетті. Компьютерлік томография өкпемнің 48% зақымданған деген қорытынды шығарды. Бірақ, қазір үй карантиніндемін».

Әлеуметтік желіде осы тектес жазбалар көп. Бірі қайтадан иіс, дәм сезу рефлексінің жоғалғанын айтса, екіншісі ыстығы көтерілгенін мәлімдеп жатыр.

Кеселді жеңген адамға вирус қайтадан жабысуы ықтимал дегенді эпидемиологтар да жоққа шығармайды. Себебі, әбден әлсіреген организмде иммунитет төмендейді екен. Тіпті, коронавирус емес, өзге де қауіпті кеселдерге төтеп беру қиынға соғатынын айтады.

Манар Смағұл, эпидемиолог-дәрігер:

Бір рет жазылдым екен деп, арқаны кеңге салмау керек. Өйткені, әлсізденген ағзаға Covid-тан басқа жұқпадан зардап шегуге болады. Сондықтан қатаң профилактикалық шараларды ұстану керек».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support