- Advertisement -

Келер жылдан бастап елімізде жер салығы өседі

73

- Advertisement -

2Baq.kz – Кәсіпкерлер Алматы облысында құнарлы жерлердің жетпей жатқандығын айтып шағымдануда. Бұл жер телім иелерінің бос жатқан орынды дұрыс пайдаланбауымен де байланысты. Осыған орай, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап игерілмей жатқан жерлерге салық көлемі бірнеше есеге өсетін болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай шараны қолдану арқылы бос жатқан жерлерді оңтайлы пайдалануға шақырып отыр. Жер телім иесіне салықты еселеп төлегеннен гөрі, өз пайдасына қолданғаны тиімдірек болады. Қазір заң жобасы Үкімет қарауында. Десе де бұл заңның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен шаруа қожалығына қатысы жоқ. Тіпті олар бірқатар салық түрлерінен босатылады.
«Бос жатқан жерлерді қайтаруға қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 60 мың гектардан астам жер қайтарылған», — деді Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары Серiк ТҰРДӘЛИЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support