- Advertisement -

Ұры тонаған үйінде ұйықтап қалған

50

- Advertisement -

Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, — деп хабарлайды Altaynews.kz.

Күдікті мас күйінде жеке үйге ұрлыққа түскен. Ол онда ешкім жоқ екенін білген. Ер адам 8 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған.

«Ол азық-түлікті полиэтилен пакетіне салған. Алайда мас ұры оқиға орнында ұйықтап қалған. Таңертең күдікті ұрлаған азық-түлігімен көшеге шыққан кезде оны полиция қызметкерлері ұстады. Күдікті Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын белгілі болды», — дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support