- Advertisement -

Жапондықтар Қазақстан туралы фотокөрмені тамашалады

61

- Advertisement -

Токиода документалист-фотограф Тұрар Қазанғаповтың көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Бұл – шет мемлекетте ұйымдастырылған төртінші көрмесі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллар болса, Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция көлемі – 6 млрд доллар. Әрине, көрмеде бұл сандар айтылған жоқ. Жалпы қазақ-жапон іскерлік қарым-қатынасы 30 жылда нығайып, жаңа кезеңге шықты. Ал халықтар достығы беки түсті. Жапондықтар қазір қазақ елі туралы көп білгілері келеді. Ясуо Икемура, Жапония компаниясының президенті: – Мен Қазақстанның тек табиғаты көрсетілетін шығар деп ойлағам. Себебі, Қазақстанның табиғаты керемет. Алайда көрмеде портреттерді көріп, таң қалдым. Қазақстандықтардың суреттері шынайы, әдемі. Көрме қатты ұнады. Енді Қазақстанға барып көргім келеді. «Қазақстан туралы көп естідік, бірақ қандай екенін білмейтін едік». Сурет көрмесіне келгендердің көбі осылай дейді. Табиғат көрінісі мен шынайы портреттерді сипаттауға сөздің қажеті жоқ. Бір көргеннен-ақ түсінуге болады, — дейді келгендер. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат орындалды. Нанако Мацушима, туристік компания менеджері: – Біз сіздердің елдеріңіз туралы көп білмейміз. Сондықтан өз көзімізбен көру маңызды. Осы көрмеде қазақстандықтар туралы жақсы ой қалыптасты. Әсіресе, балалардың фотосуреттері ұнады. Автор олардың көзіндегі мейірімді шынайы жеткізе алған. Тұрар Қазанғапов, фотограф-документалист: – Жапондықтарға суреттер ұнады. Суреттердің арасында Фудзи тауына ұқсас бейнелерді байкады. Димаштың, боксшы Геннадий Головкиннің суреттері оларға өте қатты ұнады. Тұрар Қазанғаповтың фотокөрмесі – біздің ел туралы алғашқы жоба. Оны ұйымдастырған қазақ-жапон медиа орталығында енді мұндай шаралар жиі болады. Тек көрме емес, спектакль, концерт және кинокөрсетілімдер де ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, бірлескен фильм түсіру жоспары бар. Авторы: Айгерим Уразалиева Осы категория бойынша: « «Topjarǵan» жобасының жеңімпазы халықаралық фестивальге жолдама алады Абайдың 175 жылдық тойына өңірлер де үлес қоспақ »

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support