Абайдың 175 жылдық тойына өңірлер де үлес қоспақ

3

Семей қаласы биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына жан-жақты дайындалуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Шаһарды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстарына еліміздің басқа да өңірлері үлес қосуға тілек білдірген. Әзірге жалпы құны 9 жарым миллиард теңге болатын бірнеше жоба мақұлданған. Мәселен, Алматы қаласы мен Түркістан облысы жаңа мешіт маңайын абаттандыруға күш салмақ. Ал Алматы облысы Әуезов даңғылының бойынан жаяу жүргіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады. Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыртады. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан бөлек кәсіпкерлер қаржысы да тартылады деп көзделген. Ермак Сәлімов, қала әкімі: – Біз өңірлерге ұсыныстар айтып отырмыз. Біріншіден, еңселі жаңа көпірді жарықтандыру. Нысан жаңа кейіпке енсе, шаһардың да шырайы ашыла түседі. Одан кейін Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру. Қалғаны саябақтар мен көшелерді көркейту сияқты жобалар.

24.kz

Comments are closed.