- Advertisement -

Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шеруі өт ті

40

- Advertisement -

Облыстық полиция департаментінде полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шеруі өтті.
Еске алу шарасына облыстық полиция департаменті басшылығы және жеке құрамы, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен батырдың туған-туыстары және Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының кадеттік сынып оқушылары қатысты.
Салтанатты гүл қою рәсімінен кейін сөз алған департамент бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев:
– Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған әрбір полиция қызметкері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарихында ерекше құрметпен сақтаулы. Олардың ішінде террористі құрықтау кезінде өз кеудесін оққа тосып, көзсіз ерлік көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі айрықша орын алады.
Бүгінгі күні ІІМ-нің барлық құрылымдық бөлімдерінде Ғ.Байтасов ерлігіне арналған бұрыш қойылған. Оның жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа, ішкі істер органдарына жаңа аяқ басқан әрбір қызметкерге, әріптестеріне мәңгілік үлгі-өнеге болып қала бермек.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласындағы батырдың есімі берілген көшеде мемориалдық тақта орнатылды. Облыстық полиция департаментінің бастамасымен және Ғ.Байтасов білім алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының қолдауымен Заң факультетінің аудиториясына есімі берілді. Бүгінде аталған жоғары оқу орнында батырдың ұлы Арманжан білім алуда, – деп атап өтті.
Жиында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жары Гүлжамал Тажиева жиналғандарға бейбітшілік пен тыныштық, ал полиция қызметкерлеріне – қызметтерінде абыройлы болып, аман жүруге тілектестігін білдірді.
Шара барысында облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің және Ұлттық Ұлан төрағасы, отставкадағы полковник Тұрдалы Шералин өз сөзінде алдағы күндері ҚР ІІМ-нің ғимараты алдында «Даңқ» аллеясы ашылатынын және сол жерде Ұлы Отан соғысы батырларымен қатар Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюсті де қойылатынын баяндады.
Іс-шара соңында полиция академиясының жас мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, департамент бастығының қолынан куәліктерін алды. Олар да алдағы уақытта ержүрек полицейлердің лайықты ізбасарлары болып, барлық жамбылдық полицейлердің даңқты дәстүрлерін жалғастыратын болады деп сеніммен айтуға болады.

Облыстық полиция
департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support