- Advertisement -

Жолдың жайы жақсара түспек

32

- Advertisement -

Бүгінде облыс орталығы – Тараз қаласының сұлудайын сыланып, тотыдайын таранып, түрленіп, келбет-айшығы айқындала түскені баршаға мәлім. Абаттандыру мен көгеріштендіруге байланысты жүзеге асырылған жұмыстардың игілігін ел көріп те отыр. Бір бүйір қалып тұрған мәселе – көше жолдарының жайы еді. Бұл іс те қолға алынуда.
Айта кетейік, биыл бұрылыс, тұйықтарымен қоса алғанда, қаладағы 78 шақырымдық 148 көше жолы орташа жөндеумен қамтылмақ. Бүгінде бұл жұмыстар басталып та кетті. «Шалғай Қарасу» тұрғын-жай алқабында ұзындығы 520 метрді құрайтын, Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейінгі көше жолына қалыңдығы 6 сантиметрлік асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін №21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандар тарапынан қатаң қадағалануда.
Биыл орташа жөндеу жұмыстарымен негізінен «Тайвань», «Арай» тұрғын-жай алқаптары қамтылатын болады. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге қаланың көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан шағын аудандарындағы жол жабындыларына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Сонымен қатар «Бурыл А, Б, В» тұрғын-жай алқабының жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 миллион теңгеге шағал тас төсеу ісі қолға алынып отыр. Бұл іспен «Айя сервис» ЖШС айналысуда. Бүгінде мұнда шағал тас төсемінің алғашқы қабатын салу жүзеге асырылу үстінде. Алдағы уақытта техникалық талаптарға сәйкес екінші қабаты төселмек. Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанмен, мердігерлік ұйым оны тиісті жұмыс кестесінен бұрын, жыл соңына дейін пайдалануға тапсыруды көздеп отыр.

Гүлбахрам ДҮЙСЕКОВА,
қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support