- Advertisement -

Сот жарты жылда 1115 іске төрелік жасады

43

- Advertisement -

Облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс соттары сот төрелігін жүзеге асырудың бағытында атқарған 6 айлық жұмысты қорытындылады. Қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрмұхаммат Абидов, Жомарт Рүстембеков пен бұқаралық ақпарат құралдарымен іс-қимылды өзара үйлестіруші, облыстық соттың судьясы Ғалым Күлекеев есептік кезеңде қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылық пен әділдік негізгі ұстаным болғанын атап көрсетті.
Баяндамашылардың есебі бойынша, алты айда облыс соттарында 1115 қылмыстық іс қаралып аяқталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120 іске артық. Қылмыстық істерді қарайтын судьялардың жүктемесі 4,4-тен 5,3-ке дейін өсті. Түрлі негіздер бойынша 162 іс қысқартылып, 76 қылмыстық іс прокурорға қайтарылды. Медиаторларды тарта отырып, сотқа дейінгі өндіріс сатысында 113 қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл көрсеткіш өткен кезеңде 118 болыпты.
Облыс соттары есепті кезеңде 17 адамды ақтады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен дәл жартысына азайған, өткен жылы 33 адам ақталған болатын. 15 жеке айыптау ісі және 2 көпшілік алдындағы айыптау ісі бойынша ақтау үкімдері шығарылды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 33 ақтау үкімінің 32-і жеке айыптау істері бойынша және біреуі аса ауыр қылмыс туралы іс бойынша болған.
– Сот сатыларымен есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен 3 адамға қатысты үкімнің күші жойылды. Ал кассациялық тәртіппен күші жойылған үкімдер жоқ. Есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен 49, кассациялық тәртіппен 44 адамға қатысты үкімдер өзгертілді. Бұл ретте есірткі құралдарының контрабандасына байланысты істерді қарау тәжірибесінің өзгертілуіне байланысты 44 адамға қатысты кассациялық тәртіппен өзгертілген үкімдердің 37 адамға қатыстысы Қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша қылмыстың аяқталған құрамынан Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі 286-бабы бойынша аяқталмаған құрамға жатқызылғанын, бұл кодекстің 56-бабының 3-бөлігі талаптарын қолдану қажеттігіне байланысты жазаны жеңілдетуге әкеп соқтырғанын атап өткен жөн.
Осы санат бойынша 16 адамға қатысты үкімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы қолдаған облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша өзгертілді, – деді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов.
Келесі кезекте облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сандық деректері бойынша есеп берді. Ал БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья Ғалым Батырбекұлы өз саласына қатысты баяндама жасады.

Альмира Омарова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support