- Advertisement -

«Даму» қоры дамуға бастауда

37

- Advertisement -

Осы қаржылық құрылымның өңіріміздегі шағын және орта  кәсіпкерлік  нысандарының ісі өрге басуына қосқан үлесі айрықша. Қордың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелері де қуантарлықтай.  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихаты барысында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ы аймақтық филиалының директоры Бақытжан Исақов журналистерге, міне, осы жөнінде әңгімелеп берді.

Бақытжан Оразқұлұлының айтуынша, қор мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдауға арналған негізгі қаржылық құралдарды ұсыну әлеуетіне ие. Атап айтқанда, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы–2020», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Қарапайым заттар экономикасы», өңірлік «Береке» бағдарламаларын қаржыландыруды жүзеге асыруда.

Есепті кезеңде атқарылған жұмыстар да өз жемісін беріп отыр. Мәселен, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының «субсидиялау» тетігімен берілген несиелердің жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгені құрап, бұл бағытта 73 жоба субсидияланыпты. Ал аталмыш бағдарламаның «кепілдік беру» тетігі жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгені құрайтын 40 жобаны кепілдендіріп отыр. Аталған қор тарапынан берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 435, 6 миллион теңге көлемінде. Басымдыққа ие жобаларды несиелеу тетігі аясында 191 миллион теңгенің 4 жобасы мақұлданыпты. Бүгінгі күні оның үшеуі бойынша субсидиялау шартына қол қойылған екен. Ал «Еңбек» бағдарламасы  аясында 67 кәсіпкерге 791,5 миллион теңге көлемінде несие беріліпті.

Сондай-ақ «Даму» қорының облыстық филиалы жанынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Оның негізгі міндеті – кәсіпкерлерге, кәсіпкерлік әлеуеті бар азаматтарға кеңес беру қызметін көрсету және  олардың бизнес-жобаларын қаржы құрылымы жүзеге асыратын бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер қаржыландырғанға дейін  сүйемелдеу. «Даму» қоры кәсіпкерлікпен айналысуға ниет еткен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге дайын» деп түйді сөзін баяндамашы.

Бұдан кейін журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға да тиісінше жауап қайтарылды.

Баймаханбет АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support